Размер шрифта:
«Қарағанды облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау жағдайына дуальды оқытуды дамыту тенденциялары» облыстық семинары
29-11-2024 12:09
«Қарағанды облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау жағдайына дуальды оқытуды дамыту тенденциялары» облыстық семинары

      29 қарашада «Қарағанды облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау жағдайына дуальды оқытуды дамыту тенденциялары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға өңірдегі оқу орындарының 30 өкілі қатысып, дуальды білім беруді енгізудің өзекті мәселелері мен табысты тәжірибелерін талқылады.

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна өңірде дуальды оқытуды іске асыру тәжірибесін ұсынды, қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті және одан әрі даму перспективаларын белгіледі.

«Теміртау техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Рысбек Мұхтар Бауыржанұлы студенттерді практикалық дайындық арқылы кәсіби дамуға ынталандыруға баса назар аударды.

«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Ковалев Александр Александрович дуальды оқыту шеңберінде мамандар даярлау сапасын жақсарту үшін KAZDual жобасының маңыздылығы туралы айтып берді.

Семинар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған тәжірибе алмасу және оқытудың жаңа тәсілдерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.