Размер шрифта:
САБАҚТАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НЕТВОРКИНГ
02-12-2024 17:10
САБАҚТАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НЕТВОРКИНГ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 2 желтоқсанда «Оқулықтардың тапсырмалары негізінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту» бойынша Қарағанды облысының география мұғалімдеріне арнап нетворкинг өткізді.

Мақсаты: оқулықтардың тапсырмалары негізінде білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды құрастыру кезінде педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

Нетворкинг барысында Қарқаралы ауданының жетекші география мұғалімдері Рысбаев Максат Толегенович «Бесоба ауылының №8 ЖББ тірек мектебі» КММ және Шарипова Қарлыга Абзалбековна, «Жарлы ауылының Н.Әбдіров атындағы №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ, география пәнінің мұғалімі жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа бағытталған білім алушылармен жұмыстың тиімді түрлерін көрсетті. Педагогтар география 9-сынып «Алматыкітап» баспасы оқулығы бойынша жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды шешу жолдарын көрсетті.

Қамту 100 адамды құрады.