Размер шрифта:
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы бойынша «Таза Қазақстан- жарқын болашақ» атты бұрышының ашылуы
03-12-2024 17:43
 «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы бойынша  «Таза Қазақстан- жарқын болашақ» атты бұрышының ашылуы

      2024 жылдың 03 желтоқсанында Қарағанды облысының білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығының қолдаумен М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатының директоры Божбанова Алмагуль Балапановнаның бастамасымен «Таза Қазақстан- жарқын болашақ» бұрышы ашылды.

Іс-шара барысында Қарағанды облыстық экологиялық орталығы «ЭКОЦЕНТР» ҚБ басшысыКурмашова Меруерт Амантаевна«Экологиялық тепе - теңдікті сақтау: Қарағанды облысындағы жаңа бастамалар»тақырыбында облыстағы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалар туралы ой бөлісті.

«Таза Қазақстан» бұрышының ашылуына қатысушылар экологиялық мәдениет пен сауаттылықты арттыру, табиғатты пайдаланудың адамгершілік және құқықтық принциптерін сақтау, өзінің кіші отанын зерделеу және қорғау жөніндегі идеяларды насихаттау, сондай-ақ экологиялық жобалауда креативті ойлауын дамыту, табиғатқа жанашырлықпен қарауға мақсатында жүзеге асырылатын болады.

«Таза Қазақстан» бұрышының ашылуында төмендегі іс- шаралар өткізілді

1.«Таза табиғат – жарқын болашақ!» акциясы

2.«Таза Қазақстан» бұрышын ашылуы.

3.«Келешек үшін табиғатты сақтайық» көрмесі

4.«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» іс-шаралар легі.

5.«Шеберлік сағаты»

6. «Қалдықты пайдаға жарату

7. «Дене шынықтыру сабағында қалдық заттардан көрнекілік жасап пайдалану»

8. Мастер класс «Планета без мусора»

9. «Қалдық матамен жұмыс»

10. «Жер шарын бірге қорғайық» М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатының ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен театрланған қойылым қорытыланды.

Көрме кезінде оқушылар өздерінің жұмыстарымен таныстырып, табиғатты қорғау үшін маңызды аспектілеріне тоқталып, экологиялық сауаттылық арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсетті.