Размер шрифта:
«Ана тілі - дана тілі»
12-12-2024 16:58
«Ана тілі - дана тілі»

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталықтың бастамасымен 2024 жылдың 12 желтоқсанында Шахтинск қаласының «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК базасында «Ана тілі -дана тілі» қазақ тілін оқыту бойынша функционалдық сауаттылық апталығын іске асыру бойынша тәжірибені жинақтау мақсатында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарға облыстаң Саран, Қарағанды, Теміртау қалаларының, сондай-ақ Осакаровка, Нұра, Бұқар Жырау, Абай аудандарының 34 педагогы қатысты.  Семинарда Шахтинск қаласы мен Осакаровка ауданының педагогтары жұмыс тәжірибесін ұсынды. 

Семинар барысында педагогтар мектеп жасына дейінгі балаларды мемлекеттік тілге оқытудың заманауи инновациялық технологияларымен бөлісті: «Қазақ тілін үйрену кезінде мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру үшін «Триз» технологиясын қолдану», «Тіл болашағы жасұрпақтың қолында», мектепке дейінгі ұйымда «Тілге бойлау» жобасы бойынша жұмыс, «Мектеп жасына дейінгі балаларды мемлекеттік тілмен таныстыру Қазақстан Республикасының рәміздері», «Ұлттық құндылықтарды дәріптеген ата-аналар!», «Әлемді екі тілде танимын»,«Қыш өнері арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» жобасы, «Балаға қазақ тілін үйретуде ойын технологиясын қолдану», Ұлттық сана: «Құндылықтарды дамыту». Ұсынылған тақырыптар функционалдық сауаттылық апталығын өткізу кезінде балалармен жұмыс істеуде тиімді болды. Қатысушылардың бір-бірімен пікір алмасып, практикалық жұмыс барысында алған білімдерімен бөлісу мақсатында семинар соңында рефлексия жүргізілді.

Семинар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің теориялық және практикалық технологияларына толы болды.