Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 5-6 қаңтарында география пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру мақсатында «Қысқы мектеп» аясында шеберлік сыныптарын өткізді. Мастер-класс барысында педагогтар география сабақтарында білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер географиялық тапсырмаларды шешуді, диаграммалармен және статистикалық білімдермен жұмыс істеуді көрсетті. Спикерлер тыңдаушылардың назарын электронды платформалардың жасанды интеллектісі арқылы білімді қолдану бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға аударды.
Мейірімді атмосфера, тыңдаушылардың жақсы пікірлері, алған білімдері одан әрі жұмыс істеуге жақсы мотивация болды.
Барлығы облыстың 200-ден астам педагогы қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz

