Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында Қарағанды облысныда білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 5-6 қаңтар күндері Қысқы мектеп жұмысы ұйымдастырылды. Бірінші күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап 28 шеберлік сабағы көрсетілді. Екінші күні спорт залында «Математикалық квиз» үйымдастырылды.
Қысқы мектеп аясында 6 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» ЖШС-мен бірлесіп дамыту мектебі Қарағанды қаласындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне 167 педагог қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын – 91, орыс тілінде – 76.
Тапсырмалар үш блоктан тұрды:
1. Дұрыс жауапты таңдау – 10 сұрақ;
2. Бос орындарды толтыру -10 сұрақ;
3. Шешу және дәлелдеу – 2 тапсырма.
Екі кезең – жабық типтегі тапсырмалар, үшінші кезең ашық сипаттағы. Орындау уақыты – 90 минут, максималды ұпай – 100 ұпай.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғарғы ұпайды (100) ешкім жинаған жоқ, бірінші орын олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысатын 9 мұғалімге берілді.Теміртау қаласынан: Шостак Татьяна Михайловна «№19 ЖББМ» КММ, Синицына Елена Борисовна «№24 ЖББМ» КММ, Соболева Жанна Викторовна «Т.Әубәкіров атындағы гимназия» КММ. Осакаров ауданынан: Омарова Дана Бахбергеновна, «№24 ЖББМ» КММ, Травнева Ольга Юрьевна, «А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ» КММ. Қарағанды қаласынан: Фахрттинова Елена Адифовна, «Альтер» ЖМС, Немирович Екатерина Александровна, «№33 МБК» КММ, Белянина Светлана Васильевна «№5 арнайы -мектеп интернаты» КММ, Талипова Айман Еркиновна, «№1 арнайы -мектеп интернаты» КММ.
Екінші дәрежелі дипломдар63-тен 50 ұпайға дейін жинаған 27 мұғалімге берілді. Үшінші орын 49-44 ұпай жинаған 29 мұғалімге берілді. Грамоталар 44-тен 39 ұпайға дейін жинаған 22 бастауыш сынып мұғаліміне берілді. Қалған мұғалімдерге сертификат берілді.
Облыс аудан, қалалары бойынша 20 жүлделі орынмен Қарағанды қаласы бірінші орынға шықты, 12 жүлделі орынмен екінші орын Теміртау қаласы, 6 жүлделі орынмен үшінші орынды Саран қаласы иеленді.





umc-ro@umckrg.gov.kz





