«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару қызметін белсендіру» тақырыбында вожатыйларға арналған оқыту семинары
06-01-2025 19:02
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару қызметін белсендіру» тақырыбында вожатыйларға арналған оқыту семинары

      2025 жылдың 06 қаңтарында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК «Жаңашыл ұстаз» жас педагогтерге арналған зертханасында Қарағанды облысының вожатыйларына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару қызметін белсендіру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

      Семинар барысында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы» КМҚК директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, вожатый жұмысының маңыздылығына, мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару қызметін белсендіру «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының табысты іске асуына және мектептегі тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігіне тоқталды.

      Қарағанды облысының «Өркен» вожатыйлар Ассоциациясының төрағасы Карпов Илья Борисович және Қарағанды қаласының «№25 жалпы білім беретін мектебі» КММ вожатыйы Касенова Шолпан Мейрамовна, өзін-өзі басқару жүйесін белсендіру арқылы білімалушылар өздерінің жеке және әлеуметтік дағдыларын жетілдіре отырып, мектеп өміріне белсене араласуға мүмкіндік алатындығы және мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызды бағыттарына тоқталды.

Семинарға қатысқан вожатыйлар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, спикерлерге алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.