Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
05-01-2025 11:17
Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

      2025 жылдың 05 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының физикапәні мұғалімдерініңоблыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Барлығы 17 мұғалім қатысты.

Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  1. 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша физика пәнінен білім сапасының мониторингісі;
  2. Функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді тәсілдері. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыруға негізделген тапсырмаларды шешу;
  3. Сабақ үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану.

Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;
  • Сериков Абай Жанатович, «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының  физика пәнінің мұғалімі;
  • Караева Жанагул Базарбаевна, «Озат»  ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ физика пәнінің мұғалімі.