2016 жылдың 22 жұлдызында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында физик-мұғалімдерінің форумы өтті.
22-04-2016 12:10
2016 жылдың 22 жұлдызында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында физик-мұғалімдерінің  форумы өтті.

        2016 жылдың 22 жұлдызында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында физик-мұғалімдерінің  форумы өтті. Облыстық білім басқармасы және оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған іс-шараға аймақтың 120-дан астам педагогтері қатысты. Формуның алғашқы бөлімі – пленарлық мәжілісте ҚО ББДО-ның директоры Г.Ш. Қожахметова, ф-м.ғ.докторы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры Т.Ә. Кукетаев,  педагогика ғылымдарының докторы С.Т. Каргин, Қарағанды қ. «НЗМ»-нің физик ұстаздары А.Т. Шаншарбаева, Пелен Кларк Иан, Маккензи Иан Мунро баяндама жасады. Басқосуда жаңартылған білім мазмұнындағы инновациялық үрдістер, физика пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру, жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқытуға  көшіруді кезең-кезеңмен жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Форум аясында ЕXPO-2017 қарсаңында «Болашақ энергиясы» атты жобалар байқауы өткізіліп, пән ұстаздары пікірталас алаңдарында физика пәнін орта буында оқытудың көкейкесті мәселелерін ортаға салды.