Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық
Құзыреттілік: шығармашылық
Мектепке дейінгі ұйымның түлегі:
шығармашылық қиял мен елестетуге негізделген өнертабысқа қызығушылық таныту;
сурет салу, мүсіндеу, құрастыру дағдыларының болуы;
жаңа нәрсе жасау үшін қалыптасқан біліктер мен дағдыларды қолдана білу.
Бастауыш мектеп түлегі:
мамандықтың ерекшеліктерін білу және адамдардың еңбегін құрметтеу;
өз-өзіне қызмет ету және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қолдану;
отбасында және оқуда қажетті жұмыстарды жүйелі түрде тәртіпті және сапалы орындау;
нәтижеге жету мақсатын белгілеу және оны іске асыруды жоспарлау, ұйымдастыру және оған қол жеткізуге ұмтылу;
өз білімі мен дағдыларын дамыту үшін тыңғылықты жұмыс істеу.
Негізгі орта мектеп түлегі:
тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;
өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;
бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу;
модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу;
оқу есептерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаларын қолдану және бұрыннан таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуге қолдана алу;
әр түрлі таным құралдарын қолдану дағдылары, әлем туралы білім жинақтау (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет).
Жалпы орта мектеп түлегі:
зерттеу жүргізу және ғылыми тәсілді қолдану қабілеті;
ақпаратты талдау және бағалау;
жаңа идеяларды ұсыну;
заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;
мақсаттарға жету үшін бастаманы ұсыну, жаңа мүмкіндіктер іздеу және идеяларды іске асыру барысында ресурстарды тиімді пайдалану.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі:
әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, ғылым мен техниканың жетістіктері туралы білу;
ғылымның қоғам өміріндегі маңызы туралы түсінігін сауатты, дәлелді жеткізе білу;
себеп-салдарлық және құрылымдық-функционалдық талдау





umc-ro@umckrg.gov.kz

