«Математикалық регата - 2025» республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңі
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2025 жылдың 17 қаңтарында Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жетілдіру.
Олимпиада төрт тур бойынша өткізілді. Әрбір тур үш тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма – математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық» тапсырмалардан тұрды.
Олимпиадаға облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарынан 27 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz






