2025 жылдың 31 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Цифрлық әлемге қадамдар» жобасы аясында оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында байқаудың қорытынды кезеңін өткізді.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
- Растрлық графика (1-3 сынып);
- Растрлық графика (4-5 сынып);
- Векторлық графика (6-7сынып);
- Векторлық графика (8-9 сынып);
- Коллаж (1-4 сынып);
- Коллаж (5-8 сынып);
- Коллаж (9-11сынып);
- Компьютерлік анимация. Классикалық анимация. Флэш-анимация (9-11сынып);
- Графикалық дизайн (5-8 сынып);
- Графикалық дизайн (9-11 сынып)
- 3D графика (6-8 сынып);
- 3D графика (9-11 сынып).
Қорытынды кезеңге 117 оқушы қатысты. Әр номинация бойынша 5 секциялық жұмыстар жүргізілді. Байқаудың нәтижесі 2025 жылдың 11 ақпан сағат 16.00-де ZOOM платформасында жарияланатын болады.





umc-ro@umckrg.gov.kz




