«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясындағы байқаудың қорытынды кезеңі
31-01-2025 16:18
«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясындағы байқаудың қорытынды кезеңі

      2025 жылдың 31 қаңтарында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Цифрлық әлемге қадамдар» жобасы аясында оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында байқаудың қорытынды кезеңін өткізді.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: 

- Растрлық графика (1-3 сынып);

- Растрлық графика (4-5 сынып);    

- Векторлық графика (6-7сынып);

- Векторлық графика (8-9 сынып);

- Коллаж (1-4 сынып);

- Коллаж (5-8 сынып);

- Коллаж (9-11сынып);

- Компьютерлік анимация. Классикалық анимация. Флэш-анимация (9-11сынып);

- Графикалық дизайн (5-8 сынып);

- Графикалық дизайн (9-11 сынып)            

  • 3D графика (6-8 сынып);
  • 3D графика (9-11 сынып).                                                                     

Қорытынды кезеңге 117 оқушы қатысты. Әр номинация бойынша 5 секциялық жұмыстар жүргізілді. Байқаудың нәтижесі 2025 жылдың 11 ақпан сағат 16.00-де ZOOM платформасында жарияланатын болады.