2016 жылдың 21 сәуірінде Теміртау қаласында облыстық«Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалықжобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын»семинары өтті.
Семинарға Саран, Шахтинск қалалары мен Бұқар Жырау ауданының мұғалімдері қатысты.
Семинар төрт бағыт бойынша өтті.
«Кітап ғылым- тілсіз мұғалім»бағытында Теміртау қаласы бойынша облыстық жобаға енген төрт мектептің «Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасы негізінде атқарылған жұмыстарымен таныстырыла отырып, кіріктірілген ашық сабақтар көрсетілді.
«Оқырмандар клубы» бағытындақалалық мәдениет және демалыс саябағында кітап оқуға баулу мақсатында, қала оқушылары мен аймақтардан келген педагогтердің қатысуымен шебер-сынып ұйымдастырылды. Шебер-сыныпта М.Әуезовтың «Жетім» шығармасын құстың әуені, судың сыңғырлаған дауысымен табиғат аясында оқу ерекше әсер берді .
«Ақындар клубы» бағытында қалалық орталық кітапханада оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында «Жас ақындар» клубы ашылып, оқушылар өздерінің авторлық өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар жергілікті ақын Қ. Ботановпен жүздесу кеші ұйымдастырылды.
«Поэзия әлемі» бағыты бойыншаТұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында М.Мақатаевтың 85 жылдығына орай, «Мәңгілік мұқалмайтын Мұқағали» атты әдеби кеш ұйымдастырылып, оқушылар М.Мақатаев өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқып, Мұқағали өмірінен көрініс көрсетті.
Іс-шара соңында аймақтардан келген мұғалімдер мен оқушылар кітап оқу сауаттылыққа жетелеудің үлкен жолы екенің ерекше атап өтіп, семинардың сәтті ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді.