«Сынып жетекшінің рөлі: оңтайлы орта құрудағы тәжірибелер» тақырыбындағы семинары
06-02-2025 17:47
«Сынып жетекшінің рөлі: оңтайлы орта құрудағы тәжірибелер» тақырыбындағы семинары

2025 жылдың 06 ақпанында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілеріне «Сынып жетекшінің рөлі: оңтайлы орта құрудағы тәжірибелер» тақырыбында  семинар өткізді.

Семинарға «Үздік сынып жетекші» республикалық байқауының жеңімпаздары Колтунова Анна Валерьевна, Нұра ауданы, «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қалқаман Айкүнім Ерланқызы, Балқаш қаласы, «Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Айкешова Лаура Далабаевна, Абай ауданы, «Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы» КММ,Сыздыкова Айсулу Канатовна, Қарағанды қаласы, «Ә.Ермеков атындағы мектеп- лицейі» КММ және аталған байқаудың облыстық кезеңінің «Алғыс хат» иегерлері Байкенова Молдир Болаткызы, Шет ауданы, «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп жанындағы интернат» КММ, Садыкова Кулшат Сатыбалдовна, Балхаш қаласы, «№10 арнайы мектеп-интернат» КММ, Байжігітова Дариға Толеухановна, Қарағанды қаласы, «№2 арнайы мектеп – интернаты» КММ, Отемисова Асемгуль Кайртаевна, Қарағанды қаласы, «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ сынып жетекшілері оқушылар үшін қолайлы орта құруға бағытталған тәжірибелер және әдістеріменбөлісті.

Семинарға 455 сынып жетекшілер қатысты.