«ZHASYL MEKTEP» бағдарламасы шеңберінде «Жасыл әлемді қорғау: экологиялық тұрақтылық және оның болашағы» облыстық семинар
12-02-2025 15:24
«ZHASYL MEKTEP» бағдарламасы  шеңберінде  «Жасыл әлемді қорғау: экологиялық тұрақтылық және оның болашағы» облыстық семинар

      2025 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды қаласының №12 жалпы білім беретін мектебінде білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, «Жасыл мектеп», «Жасыл клуб» жобаларының жетекшілеріне «ZHASYL MEKTEP» жобасы аясында «Жасыл әлемді қорғау: экологиялық тұрақтылық және оның болашағы» тақырыбында тәжірибе алмасу семинарын өткізді.

Семинар қатысушыларына «Қалдықтарды қайта өңдеудің экологиялық пайдасы» макеттер көрмесі ұсынылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәрбиесі аясында ата-ана мен бала және мектеп арасындағы үштік одақтың жұмысын тамашалау ұсынылды.

         Семинарға қатысушылар өз іс-тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріне ризашылықтарын білдірді.