2025 жылдың 07 ақпанында педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу болып табылады.
Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Арнайы пәндер педагогтері арасында:
1 орын - «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы Орынбасарова Жанарым Уалихановна;
2 орын - «АбайҚұнанбаеватындағыСаранжоғарыгуманитарлық-техникалықколледжі» КМҚК оқытушысы БаймбетоваАлтынТельмановна;
3 орын – «Қарағанды«Bolashaq» жоғарғыколледжі» ЖММоқытушысы ЖамангаринаМейрамгульАйтказиевна.
Жалпы білім беретін пәндер педагогтері арасында:
1 орын - «АбайҚұнанбаеватындағыСаранжоғарыгуманитарлық-техникалықколледжі» КМҚК оқытушысы КорчагинаЕкатеринаИгорьевна;
2 орын - «Қарағандыжоғарыгуманитарлықколледжі» КМҚК оқытушысы БижановаАрайГалиевна;
3 орын – «Балқашқаласыныңмедициналықколледжі» КМҚК оқытушысы ШарбековаЭльвираЕргалиевна.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсынқатысуға құқылы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz





