Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмысқа «Био-молекула» облыстық байқауы
06-02-2025 16:17
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмысқа «Био-молекула» облыстық байқауы

      2025 жылдың 6 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмыстардың «Био-молекула» облыстық байқауын ұйымдастырып, өткізді.

      Байқаудың мақсаты - қазіргі заманғы Био-және Эко-білім берудің өсіп келе жатқан рөлі жағдайында Қарағанды облысының колледждері педагогтерінің шығармашылық, зерттеу дағдыларын дамыту. 

      Педагогтер модель түріндегі жұмыстарды – білім беру процесінде қолданылатын, оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін оқу ақпараты мен оқытушы қызметінің құралы ретінде оқытушының жетекшілігімен студенттер құрған нақты биологиялық заттардың азды-көпті дәл көшірмелерін ұсынды.

Байқауға Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 14 педагогы қатысты.

      Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Егурцева Наталья Валериевна, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын - Отыншин Тойымбек, «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ оқытушысы;

3 орын - Ильяшева Шұғыла Ағыбайқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!