«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту» семинары өтті
11-02-2025 16:21
«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту»  семинары өтті

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 11 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту» семинарын өткізді.Семинарда Теміртау қаласының «№16 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Щедрина Евгения Андреевна сөз сөйледі. Евгения Андреевна орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен бірге А.И. Куприннің «Олеся»  повесі бойынша оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған оқулық тапсырмаларын пысықтады. Семинар жұмысына орыс тілі мен әдебиетінің 75 педагогы қатысты.