Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың ақпан айының 13-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- «Кедергілер еңсеру: білім сапасын арттыру жолдары» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы.
- Web мастер облыстық жобасы аясындағы «Сайт құру» байқауы туралы.
- Педагогтерді аттестаттау туралы. Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері.
- Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық апталығы аясындағы шеберлік сабақтардың өткізу туралы.
- Астана ХАБ республикалық жобасын іске асыру туралы.
- «Roboland 2025» Халықаларық фестивалі туралы.
- Облыстық жол картасын іске асыру туралы.