Размер шрифта:
«Білім сапасын қайтсек, қалай көтереміз?» әдістемелік күні
18-02-2025 11:40
«Білім сапасын қайтсек, қалай көтереміз?» әдістемелік күні

      2025 жылдың 18 ақпаны күні Қарағанды облысы білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің құзыреттілік деңгейін көтеру, дарынды педагогтарды қолдау, кәсіби шеберлікті дамыту және кәсіби құзыреттілікті дамытуға ынталандыру мақсатында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен  «Білім сапасын қайтсек, қалай көтереміз?» тақырыбында әдістемелік күн болып өтті.

      Әдістемелік күнге 200 ге тарта білім қызметкерлері, яғни аудан, қала әдістемелік кабинет меңгерушілері, білім бөлімі әдіскерлері және мақсатты мектеп директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

      Әдістемелік күннің бірінші бөлімінде Қарағанды облысының білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Нурсултан Гульдана Ерболатовна білім сапасын қайтіп және қалай көтеру жөнінде сөз алды.  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы білім беру сапасын арттырудағы пәндік олимпиадалардың рөлі бойынша  Абдикерова Бахыткул Химальдиновна бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының, Қарағанды облысы аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ашыкбаев Нуркен Женисович «Алтын сақа», «Алтын түлек» олимпиадаларының 3 жылдық талдауына жасап, білім алушылардың танымдық, шығармашылық және логикалық қабілетін көтеру мәселелері мен шешу жолдарын ұсынды.  

      Астана қаласы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің «Талант» бөлімінің басшысы Сарбалин Руслан Құрманғалиұлы мұғалімдерді кǝсіби дамыту барысындағы мотивациялық жүйесін айта келе оқушыларды сапалы дайындау бойынша орталықтың іс-шаралар кешенін таныстырды.

      Қарағанды облысы бойынша «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Қазмағамбетов Нұрболат Маралұлы қатысушыларға Қарағанды облысы бойынша ұйымдастырылатын орталықтың пәндік олимпиаларын ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Бірінші кезеңнің соңында соңғы үш жылда пәндік олимпиадаларда жүлделі орын иеленген педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу жасаған әдістемелік кабинет меңгерушілері, «Алтын тұғыр» олимадасының аудандық/қалалық кезеңін сапалы ұйымдастырған аудан, қала білім бөлімдерінің бастауыш сынып әдіскерлері және мақсатты мектеп директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы директорының алғыс хаттармен марапатталды.

      Екінші бөлімінде оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері қатысушыларға мектепішілік бақылау білім сапасын арттыру құралы ретінде кейс-сессиялар ұйымдастырылды. Кейс-сессияларда оқу үдерісінің сапасын бақылауға, мектепішілік бақылау жоспарының құрылымына, бақылау түрлері мен әдістері және сабақты бақылау мен талдауға баса назар аударылды.

      Қорытынды рефлексияда қатысушы білім қызметкерлері өткізілген әдістемелік күннің өзектілігі басым екенін атап өтті.

Бүгінгі күн Қарағанды облысы білім қызметкерлеріне тың серпіліс бергені айқын.