Размер шрифта:
«943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында Абай ауданындағы мақсатты мектептердің мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу аясында сабақтар топтамасы
20-02-2025 19:15
«943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында Абай ауданындағы мақсатты мектептердің мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу аясында сабақтар топтамасы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 20 ақпан күні Абай ауданының мақсатты мектептердің  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған практикалық облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты сабақ құрылымына мән бере отырып тәжірибе алмасу. Бұл білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру мен жетілдіру үшін маңызды бағыт болып табылады.

Келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • «Болымды және болымсыз етістіктер» тақырыбында ( қазақ тілі пәні) Шамбулова Ансаган Акыжановна «А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия» КММ;
  • «Халық поэзиясының алыбы » тақырыбында (Әдебиеттік оқыту) Болыбаева Света Телибаевна «А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия» КММ;
  • «Заттар неліктен қозғалады?» тақырыбында (Жаратылыстану пәні) Смагулова Гаухар Абзалбековна «А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия» КММ;
  • «Құрылымы күрделі теңдеулер» тақырыбында (Математика пәні) Алипбекова Дауренгуль Жаксылыковна «А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия» КММ.

Семинар соңында Абай ауданының менторлары Айтжанова Ж.А., Какенбекова А.А «ҚМЖ қалай дұрыс құру керек», «Бастауыш мектепке арналған білім беру ресурстары» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.

Семинар барысында қатысушылар әртүрлі сабақтарды зерттей отырып, оларда қолданылған құрылымды, әдіс-тәсілдерді, оқу материалдарын, бағалау стандарттарын және оқушылармен жұмыс жасау тәсілдерін сараптап, талқылады. Бұл тәжірибе алмасу арқылы қатысушылар өз сабақтарын қалай құрылымдауға болатындығы, сыныпта әртүрлі әдістерді қолдануға қалай дайындалу керектігі туралы жаңа идеялар мен ұсынымдар алды.