Облыстық тәжірибелік семинар «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасын аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту»
20-02-2025 17:23
Облыстық тәжірибелік семинар «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасын аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту»

      2025 жылғы 20 ақпанда Қарағанды облысы білім басқармасының  «№7арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинары өтті. Семинарға педагогтар, психологтар, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы мамандар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысты. Семинар барысында қатысушылар «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасында ұсынылған түрлі әдістер мен жаттығуларды қолданып, оларды тәжірибеде сынап көрді.

Семинардың негізгі мақсаты – «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдарын талқылау және тәжірибе алмасу. Бұл семинар педагогикалық квест форматында өтті, және барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Квест барысында педагогтар пәндік білімдерін тереңдетіп, логикалық ойлау қабілеттерін және жедел шешім қабылдау дағдыларын жетілдіре алды. Қатысушыларға әртүрлі қызықты тапсырмалар ұсынылып, олардың жеке қабілеттері мен топтық жұмыс дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берілді. Әсіресе, шығармашылық көзқарас пен ынталандыру әдістері ерекше атап өтілді, өйткені олар командалық рухты нығайтып, мақсатқа жетуге деген ұмтылысты арттырды.

Семинарға қатысушылар сенімділік, жауапкершілік, эмпатия және әлеуметтік дағдыларды дамытуға бағытталған әдістермен танысты. Бұл әдістердің білім беру тәжірибесінде сәтті жүзеге асырылуы бойынша практикалық мысалдар ұсынылды.