2016 жылғы 21 сәуір күні Қарағанды облысы білім басқармасының «Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған жалпы білім беретін мектеп - интернаты» ҚММ базасында Қарағанды облысы арнайы (түзету) білім беру ұйымдары директорларының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп интернаттағы түзету-педагогикалық жұмысы» тақырыбы бойынша облыстық практикалық семинар өткізілді.
Семинар аясында есту жұмысы бойынша 3 жекеше сабақ, 6 практикалық сабақ, «Ертегі әлемінде» есту - сөйлеу конференциясы, «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны, «Тазалық заттары» ойын- сұхбаты «Ақша және оның адам үшін ролі» ойын - аукционы өткізілді. Мектеп – интернат педагогтерімен «Біздің үйге келіңіздер, есігіміз ашық!» концерттік бағдарлама дайындалды.