2025 жылдың 21 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Теміртау жоғары медициналык колледжінің базасында медицина саласындағы жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытудағы заманауи тәсілдер мен әдістерді қолдану туралы облыстық семинар өткізді.
Іс-шараға Қарағанды облысының медициналық колледждерінің арнайы пәндерінің 22 оқытушысы қатысты.
Семинардың мақсаты: заманауи білім беру технологияларын енгізу мен қолданудың табысты тәжірибелерімен тәжірибе алмасу.
Теміртау жоғары медициналық колледжінің директоры Брамонтова Светлана Павловна алғы сөз сөйлеп, медициналық білім берудегі оқытудың инновациялық әдістері тез өзгеретін әлем жағдайында тиімді бейімделуге және жұмыс істеуге қабілетті дәрігерлердің жаңа буындарын даярлаудың кілті болып табылатынын, бұл жай ғана өзекті үрдіс емес, медициналық қызмет көрсету сапасы мен қоғамның денсаулығына байланысты қажеттілік екенін жалпы атап өтті.
Отырыс барысында Қарағанды облысында білім еруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыәдіскері Утянова Нұржамал Мырзағалиқызы тез өзгеретін технологиялар мен диагностика мен емдеудің жаңа әдістерінің пайда болуы жағдайында білім беру процесі оқытудың заманауи әдістерін бейімдеуді және енгізуді талап ететінін атап өтті.
Семинарда заманауи білім беру технологиялары, оқытудың инновациялық әдістері, сондай-ақ оқу процесінде қолданылатын тәжірибеге бағытталған әдістер сияқты бірқатар негізгі тақырыптар қарастырылып, талқыланды.
Спикерлер сөз сөйледі:
- Миннеханова Альфия Раисовна, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК арнайы пәндер оқытушысы, «Пациенттерді оқыту» пәнінің симуляциялық сабақтарында ASSURE моделінің көмегімен тәжірибеге бағдарланған бағытты құру» тақырыбында;
-Ахбетова Гулнар Мухитовна,«Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы, «Инфекциялық аурулар» пәні бойынша білім алушылардың кәсіби машықтарын жетілдіруде қолданылатын инновациялық әдістер» тақырыбында;
- Тургунов Азиз Алишер уғли,«Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММарнайы пәндер оқытушысы, «Бағдарламаларды «Анатомия» пәні бойынша интерактивті сабақтар ретінде пайдалану: 3D Atlas Anatomy, Educaplay, Wordwall, LearningApps, Quizizz» тақырыбында;
- Соболева Наталья Геннадиевна,«Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК арнайы пәндер оқытушысы, «Ақпараттық оқыту ортасын қалыптастырудағы оқытушының дербес Youtub-каналының рөлі» тақырыбында;
- Гаркавенко Виктория Олеговна, «Қарағанды медициналық-техникалық колледжі» ЖШС арнайы пәндер оқытушысы, «Стоматологиядағы интерактивті оқыту әдістері» тақырыбында;
-Павлик Елена Владимировна,«Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММарнайы пәндер оқытушысы, «Арнайы пәндерді оқытуда CBL инновациялық технологиясын (нақты жағдайлар әдісі) қолдану» тақырыбында.
Қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын және заманауи білім беру технологиялары мен оқытудың инновациялық әдістерін қолдану бойынша алған тәжірибелерін өздерінің педагогикалық практикасына енгізуге дайындығын атап өтті.
Семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар беріліп, ұсынымдар енгізілді





umc-ro@umckrg.gov.kz







