2025 жылдың 19 ақпанындаҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысының ТжКОБ ұйымдарының студенттері арасында математика пәнінен облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - өңірдің математикадан үздік студенттерін анықтау, стандартты емес есептерді шешу қабілеттерін ашу.
Олимпиадаға Қарағанды облысының 26 колледжінен 38 студент қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші тур - тестілеу, екінші тур - бес логикалық және күрделі есептерді шешу.
Барлық студенттерді тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
қазақ тіліндегі бағыт бойынша:
1 орын - Орынбек Мирас Берікболұлы, «Саран техникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Горюшкина Мария Александровна;
2 орын – Қыдырбай Бекболат Саматұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Какеша Есілжан;
3 орын – Шарапат Жаннұр Махсұтқызы, «Қарағанды жоғары медициналық Интерколледжі» ЖМ, жетекшісі Жеңіс Сәнім Жеңісқызы.
орыс тіліндегі бағыт бойынша:
1 орын - Ершова Диана Дмитриевна, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖМ, жетекшісіКулманова Баян Абаевна;
2 орын - Виногородская Валерия Владимировна, «Bolashaq «Қарағанды жоғары колледжі» ЖММ, «Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі» ЖМ, жетекшісіАмалбекова Акниет Сергазыкызы;
3 орын - Клевцова Дарья Алексеевна, «Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі» ЖМ, жетекшісі Бурханова Гульшат Таскалиевна.
Жеңімпаздарға дипломдар, олимпиаданың екінші кезеңіне өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz

