20 ақпан күні Қарағанды қаласының «№10 ЖББМ» КММ базасында «Әл-фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, «№23 ЖББМ» КММ педагогтерінің қатысуымен «943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясындағы оқу-тәрбие процесі» семинар-практикумы өткізілді.
Іс-шара барысында №10 жалпы білім беретін мектептің басшысы
Ж.К. Оспанова, директордың орынбасары А.С. Асанова республикалық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Семинардың практикалық бөлімінде «Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктері мен оқу дағдыларын дамыту мониторингісін жүргізу» тақырыбында шеберлік сыныптар ұйымдастырылды, сондай-ақ химия-физика, ағылшын-қазақ тілдері, тарих-география, физика-математика пәндері бойынша кіріктірілген ашық сабақтар өткізілді.
Пікір алмасу барысында «№ 23 ЖББМ» КММ директоры Д.К. Балмуханова, директордың орынбасары О.А. Акифьева мектепте оқыту мен сабақ беру сапасын арттыру бойынша өз ұсынымдарын айтып, одан әрі бірлескен жұмыс бойынша ұсыныстар енгізді.
Іс-шара соңында қонақтарға оқушылардың ата-аналары дайындаған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі және №10 ЖББМ педагогтерінің орындауындағы «Тарих ұмытылмайлы» мюзиклі ұсынылды.





umc-ro@umckrg.gov.kz








