2016 жылдың 22 сәуірінде информатика пәні бойынша «Менің мамандығыдағы информатика пәнінің маңыздылығы» тақырыбында мультимедиялық авторлық жобалар байқауы болып өтті.
Ғылыми-инновациялық қызмет арқылы колледж студенттерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, таланттарын ашуға жағдай жасау мақсатында Теміртау медициналық колледжінде 2016 жылдың 22 сәуірінде информатика пәні бойынша «Менің мамандығыдағы информатика пәнінің маңыздылығы» тақырыбында мультимедиялық авторлық жобалар байқауы болып өтті. Конкурсқа «Информатика және есептеу техникалары» пәні негізінде облыстың 15 колледжінен 16 студент қатысты.
Қазылар алқасы жүлделі орындарды төмендегідей дәрежеде орналастырды:
1 орын – Рыскулов Аян Қарағанды технико-құрылыс колледжінің студенті.
2 орын – Капкаев Ислам Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінің студенті
3 орын – Селезнева Ксения Шет тілдер колледжінің студенті.