Размер шрифта:
2016 жылғы 22 сәуірде селектор режимінде балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
22-04-2016 05:16
2016 жылғы 22  сәуірде селектор режимінде балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

          2016 жылғы 22  сәуірде селектор режимінде балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

          Үйлестіру Кеңесінің  отырысына қалалық,аудандық білім бөлімдерінің басшылары, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары мен білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жетекшілік ететін әдіскерлері, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

     Отырыс барысында сөйледі:

1.Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Ш.Қожахметова: Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының даму стратегиясы.

2. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің директоры Адамбеков М.С.: алдын ала бейіндік даярлауды жүзеге асыру бойынша стажерлік алаңның қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету.

3. Қарағанды гуманитарлық колледжі директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Исатаев Д.К: Оқу орталығының бейнелеу өнері мен сызу, технология және музыка бағыттары бойынша жұмыстарын ұйымдастыру мен  қамтамасыз ету.

4.Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандары білім бөлімдерінің басшылары: Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының  2016 жылғы жаз айларындағы қызметі туралы.

      Отырыс барысында  қалалық,аудандық білім бөлімдері басшыларының  2016 жылғы жаз айларында балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру жұмысын белсендендіру,өзара желілік іс-әрекетті енгізу, балаларға арналған қосымша білім беру жүйесін жалпы орта білім берумен кіріктіру арқылы балалардың қамтылуын көбейту сұрақтарына  назар аудартылды.