2025 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының шет тілдері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде «ТжКОБ жүйесінде ағылшын тілін оқыту» педагогикалық Воркшопы өткізілді.
«Ағылшын тілін оқыту тәжірибесі. Заманауи тәсілдер мен әдістер» тақырыбындағы педагогикалық Воркшоптың мақсаты шет тілдерін оқыту әдістемесін тарату, оқытушылардың жұмыс тәжірибесін жинақтау болды.
Воркшоптың жұмысы секция бағыттары бойынша ұйымдастырылды:
1. ТжКОБ жүйесінде ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдері мен технологиялары;
2. Тәжірибе алмасу: ағылшын тілін оқытудағы үздік тәжірибелер мен инновациялар;
3. Құзыреттілік тәсіл арқылы тілдік құзыреттілікті дамыту;
4. Пәнаралық әдістемелік материалдарды құру және тарату.
Воркшоптың негізгі бөлігінде -секциялар бойынша жұмыста облыс колледждерінің шет тілі оқытушылары өз жұмыс тәжірибелерін ұсынды: «Саран техникалық колледжі» КМҚК, «Академик К.А. Сагинов атындағы Колледж-Мектеп» ЖММ, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК , «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Қазіргі заман көпсалалы колледжі» ЖММ, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ жанындағы Техникалық-экономикалық колледж, «Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі» ЖММ.
Воркшоп жұмысына 23 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz





