Размер шрифта:
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Мамандығы бойынша үздік» облыстық байқауы
21-02-2025 20:47
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы  «Мамандығы бойынша үздік» облыстық байқауы

   2025 жылдың 21 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі«Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК базасында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мамандығы бойынша үздік» облыстық байқауын өткізді.

  Байқаудың мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің, сондай-ақ автомобиль көлігі кәсіпорындарының дарынды қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру. 

  Байқауға 10 команда қатысты, оның ішінде көлік саласы кәсіпорындарынан 2 команда – «Автоцентр Бахус» ЖШС және «Кристалл-Авто» ЖШС қызметкерлері.

 Байқауға қатысушылар «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік кәсіби шеберлік конкурстарының конкурстық тапсырмаларына сәйкес әзірленген практикалық тапсырмаларды орындауы қажет болды.

   Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Адиль Зайядаев, Никита Мещанинцев, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенттері;

2 орын - Әлішер Тұрсынбеков, Әділет Жалил, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК студенттері;

3 орын - Василий Вдовченко, Константин Лобанов, «Кристалл Авто» ЖШС қызметкерлері.

      Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.