Размер шрифта:
«Жас әдіскер мектебі» шеңберінде әдіскерлерді оқыту бойынша онлайн семинар
26-02-2025 21:47
«Жас әдіскер мектебі» шеңберінде әдіскерлерді оқыту бойынша онлайн семинар

   2025 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі «Жас әдіскер мектебі» шеңберінде әдіскерлерді оқыту бойынша онлайн семинар өткізді.

 Онлайн семинар колледждерде қызметін бастаушы әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттырумақсатында өткізілді. Семинар Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде диалог алаңы форматында болды.

  «Педагогтердің авторлық материалдары: әзірлеу және бекіту алгоритмі» тақырыбы бойынша диалог алаңын «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевнажәне «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Кнашина Айнур Ахатовнаөткізді.

«Сұрақ-жауап» рефлексивті бөлігі Zoom платформасында ұйымдастырылды.

Семинарға 43 колледж әдіскерлері мен педагогтері қатысты.