Колледж педагогтеріне арналған «Физиканың үздік оқытушысы» облыстық байқауының нәтижелері
20-02-2025 22:06
 Колледж педагогтеріне арналған «Физиканың үздік оқытушысы» облыстық байқауының нәтижелері

   2025 жылдың 20 ақпанында «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Физиканың үздік оқытушысы» облыстық байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

Ұйымдастырушылар Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК болды.

Байқаудың мақсаты озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, ТжКОБ жүйесі оқытушыларының кәсіби шеберлігін дамыту болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 6 педагог қатысты.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын: Табаракова Асель Табараккызы, Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің оқытушысы;

2 орын: Сагинтаева Айжан Сейтжанқызы, Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің оқытушысы;

3 орын: Жилхайдаров Ербол Калелович, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.