Размер шрифта:
«Көркем еңбек» пәніне жетекшілік ететін әдіскерлері, ММЛИ директорлардың орынбасарлары, сонымен қатар «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік күн
28-02-2025 22:31
«Көркем еңбек» пәніне жетекшілік ететін әдіскерлері, ММЛИ директорлардың орынбасарлары, сонымен қатар «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік күн

     Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында «Көркем еңбек» пәніне жетекшілік ететін әдіскерлері, ММЛИ директорлардың орынбасарлары, сонымен қатар «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік күн өткізді.

       Әдістемелік күн барысында келесі тақырыптар қаралды:

  • Облыстық ғылыми-практикалық конференция «Кедергілер еңсеру: білім сапасын арттыру жолдары»,Сартаева Жансая Ахмедьяновна, ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі баяндады.

  • «Бояулар құпиясы» облыстық онлайн байқауынөткізу туралы, Сартаева Жансая Ахмедьяновна, ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі баяндады.

  • Қарағанды облысы эстетикалық цикл педагогтері «Өркен» Ассоциациясының жұмысы туралы, Мусабекова Куляш Амангельдиевна, Ассоциацияның Төрағасы, сөз сөйледі.

     Іс-шараның маңызды бөлігін мұғалімдердің тәжірибе алмасу тақырыптары құрады:

  • «Использование модели ADDIE на уроках художественного труда» Абдрахманова Алмагул Жабагина, Қарағанды қаласының «№59 жалпы білім беретін мектебі»  КММ «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі баяндама жасады.

  • «Сый кәделік торсық жасау», Оспанов Дархан Абыкенулы, Қарағанды қаласының «№14 мектеп-гимназиясы», «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі шеберлік сыныбын көрсетті.

  • «Cазсырнайдың тиімді жасалу технологиясы» Жакупов Тлеужан Абдуович, Қарағанды қаласының «Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі» КММ, «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі  шеберлік сыныбын көрсетті

      Әдістемелік күн көркем еңбек саласындағы білім беру сапасын жақсарту бойынша тәжірибе және жаңа идеялармен алмасу алаңына айналды.