«Білім беру» саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының қорытындылары
2025 жылғы 27-28 ақпан аралығында Щучинск қаласында Жоғары педагогикалық колледж базасында ТжКОБ ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру»саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Кәсіби шеберлік конкурсы педагогтің өз шеберлігін көрсетуге, өз мамандығы бойынша үздік болуға мүмкіндік беретін беделді мамандық конкурстарының бірі болып табылады.
Конкурсқа республиканың 18 өңірінен ТжКОБ ұйымдарының педагогтері қатысты. Қарағанды облысынан 2 педагог қатысып, өз құзыреттерінде кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті.
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Корчагина Екатерина Игоревна жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары үшін бағыт бойынша жүлделі 3 орынға ие болды.





umc-ro@umckrg.gov.kz




