Размер шрифта:
«Халықтар достығы» тақырыбында ұлттық мәдениет фестивалі
22-04-2016 08:00
«Халықтар достығы» тақырыбында ұлттық мәдениет фестивалі

       2016 жылдың 22 сәуірінде Шахтинск қаласының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Халықтар достығы» тақырыбында ұлттық мәдениет фестивалі өтті. Қазақстан халықтарының мәдениетін Қарағанды облысының 23 колледжінің шығармашылық ұжымы ұсынды. Фестиваль қатысушыларын Шахтинск технологиялық колледжі қарсы алды. Фестиваль жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, жақсы бір мереке ретінде  өтті. Аталған іс-шара еліміздің халықтарын  бірлікке шақырып, достыққа баулыды, сонымен қатар облыстың әр аймағынан келген студенттерді тіл-табысып, достық қатынастарын нығайтуға септігін тигізді. Фестивельге Қарағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау, Нұра аудандарының студенттері қатысты.