Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Ғасыр тарихы» облыстық зерттеу жобалар байқауы
27-02-2025 18:53
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Ғасыр тарихы» облыстық зерттеу жобалар байқауы

      24.01.2025-27.02.2025 аралығында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында«Ғасыр тарихы» атты ғылыми жобалардың облыстық байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

Байқау 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезең – колледж деңгейінде үздік жұмыстарды іріктеу; Екінші кезең – облыстық байқауға қатысу.

Байқаудың мақсаты – көгілдір мамандық иелерінің имиджін насихаттау және еңбек адамдары туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру.

 Байқауға Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысындағы 18 колледжден 42 студент қатысты.

Байқауға қатысуға «Еңбек әулеті», «Ғажайып өмір» (өндірістің озық қызметкерлерінің еңбегі мен өмірі туралы), «Сала ардагерлері (тәлімгерлері)», «Отбасымның жұмысын жалғастыру», «Саланың даму тарихы», «Қызықты мұрағаттар» бағыттары бойынша жобалар ұсынылды.

Қазылар алқасының мүшелері келесі студенттердің ең қызықты жобалары мен жақсы қорғағандарын атап өтті:

1 - бағыт: «Өнеркәсіптегі әулеттер»:

- 1 орын - Дмитрий Морозов, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК;

- 2 орын - Богдан Жуков, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;

- 3 орын - Диана Ершова, Қазтұтынуодағы Карағанды университетінің экономика,бизнес және құқық колледж.

2 - бағыт: «Ғажайып өмір» (өндірістің озық қызметкерлерінің еңбегі мен өмірі туралы):

- 1 орын - Слем Ұлжан, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;

- 2 орын - Петрова Полина, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;

- 3 орын - Брыков Глеб,«Қарағанды көлік- технологиялық колледжі» КМҚК.

3 - бағыт: «Сала ардагерлері (тәлімгерлері)»:

 - 1 орын – Виктор Железкин, «Қарағанды машина жасау колледжі» КМҚК;

- 2 орын – София Мешалкина, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»ЖММ;

- 3 орын – Сичкарь Егор, «Қарағанды кәсіптік – техникалық колледжі» КМҚК.

4 - бағыт: «Отбасымның жұмысын жалғастыру»

- 1 орын – Вероника Скурихина, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»КМҚК;

- 2 орын - Әмен Әлібек, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ.

5 - бағыт: «Саланың даму тарихы»:

- 1 орын – Пономатера Милана, Малышева Валентина, Гадинова Элина,  «Теміртау кәсіптік – техникалық колледжі» КМҚК;

- 2 орын – Байконурова Айгерим, «Қарағанды технико-экономикалық колледжі» ЖММ;

- 3 орын – Фрелих Екатерина, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК.

6 - бағыт: «Қызықты мұрағаттар»:

- 1 орын – Сайлау Көркем, «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК;

- 2 орын – Гужов Максим, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК;

- 3 орын – Макишова Талшын, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.

Жеңімпаздары естелік медальдармен және дипломдармен, қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.