«Балалардың қосымша музыкалық білім беру жүйесіндегі құзыреттілікке бағытталған білім» облыстық семинар-практикум
2025 жылдың 5 наурызында № 1 Балалар өнер мектебінде «Балалардың қосымша музыкалық білім беру жүйесіндегі құзыреттілікке бағытталған білім» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
Семинар жұмысына Қарағанды, Абай, Саран қалаларының, Шет, Абай, Бұқар жырау аудандарының қосымша білім беру ұйымдарынан 30 педагог қатысты.
Іс-шара қонақтарына шеберлік-сыныптар ұсынылды, мектеп педагогтері қонақтарға өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Скрипка, фортепиано, домбыра, саксофон сыныптары бойынша оқу сабақтарының үзінділерін көрсетті.
Семинар қонақтары педагогтер мен оқушылардың ұйымдастыруымен дайындалған «Көктеммен кездесу» атты мерекелік концертін тамашалады.





umc-ro@umckrg.gov.kz





