Размер шрифта:
«Медицинаға қадам» жобасы аясында «Медицинаға қадам: мектеп партасынан - мамандыққа» тақырыбындағы облыстық семинары
05-03-2025 18:04
«Медицинаға қадам» жобасы аясында «Медицинаға қадам: мектеп партасынан - мамандыққа» тақырыбындағы облыстық семинары

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 05 наурызында «Медицинаға

      қадам» жобасы аясында «Медицинаға қадам: мектеп партасынан - мамандыққа»тақырыбында Бұқар жырау ауданы «Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-де облыстық семинар өтті. Бұл педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, медициналық сынып оқушыларын мамандыққа бағыттаудың әдіс-тәсілдерімен танысуына арналған кешенді іс-шара.

Семинардың мақсаты -педагогтер арасында медициналық сынып

     оқушыларын кәсіби бағдар беруде қолданылатын тәжірибелері мен әдіс-тәсілдермен бөлісу, кеңестер мен ұсыныстар ұсыну.

      «Медицинаға қадам» жобасына қатысушы мектептердің тақырыптық көрмесі қатысушылар арасында қызығушылық туғызды. Көрмеге «Адам ағзасы мүшелері», «Жасуша түрлері», «Модель ДНК», «Медициналық сынып жұмысы нәтижесі», «Человеческий организм», «Дәрігер болған түлектер: мамандыққа жол» тақырыптарында жасалған оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Көрмеге ұсынылған әрбір экспонат – ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

      Семинар барысында Үштөбе, Токаревка тірек мектебі, Ю. Гагарин атындағы, А.Байтұрсынұлы атындағы, Калинин жалпы білім беретін мектебінің биология, химия пәндері мұғалімдері, кәсіби бағдар беруші педагогтер шеберлік сабақтар өткізді. Өткізілген шеберлік сағаттардапедагогтер жүрек-қан тамыр жүйесінің саулығының маңыздылығы медицинада жасанды интеллектіні қолдану салалары, фармацевтиканың маңыздылығы, дәрілердің түрлері, жіктелуі және қолдану ерекшелектері туралы, нейрографика әдісін қолданудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

      Аталған іс-шара оқушылардың ғылыми және медициналық білімге деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауына жол сілтейтіні сөзсіз.

      Семинар «Ұлт саулығы-сауатты ұрпақ кепілі» тақырыбындағы шығармашылық сағатпен қорытындыланды.

      Қатысушылар бұл семинардың жоғары деңгейде өткенін, мазмұнды да пайдалы болғанын атап өтті.