Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бүгінгі жас маман – ертеңгі шебер ұстаз» атты жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздардың кездесуі
06-03-2025 16:20
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Бүгінгі жас маман – ертеңгі шебер ұстаз» атты жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздардың кездесуі

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас педагогтердіңкәсіби шеберлігін арттыру, талантты ұстаздарға қолдау көрсету мақсатында 2025 жылдың 06 наурызы күні тәжірибелі ұстаз, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Акмагамбетова Акшегуль Мажитовна мен 2024 жылдың үздік педагог атағының иегері, №97 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Романовская Лариса Валерьевна кездесу өтті.  Кездесуге Қарағанды, Шахтинск, Сарань, Теміртау қалаларынан, Бұқар жырау ауданынан жас педагогтер қатысты.

      Кездесу «Печа-куча» форматында өткізілді. Кездесу оқу-әдістемелік орталығының 1 қабатында орналасқан «JAÑASHYL USTAZ» жас мамандар шеберханасында ұйымдастырылып, мұражайға саяхат жасалды. Кездесуді оқу-әдістемелік орталығы басшысы Абдикерова Бакиткуль Химальдиновна ұлағатты ұстаздарымызды құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. 

      Акмагамбетова Акшегуль Мажитовна және Романовская Лариса Валерьевна жетістікке жету жолындағы еңбектерімен, жетістіктерімен бөлісе отырып жас педагогтеріміздің жүрегінде мұғалімдік қызметке деген ұшқынды тағы бір мәрте жандырды. Өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді. Келесі кезекте печа-куча форматында өтетін кездесуде өз іс-тәжірибесімен алмасатын жас педагогтер анықталып, үздік ұстаздар эстафетаны табыстады.