Размер шрифта:
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орайластырылған мектеп оқушылары арасындағы «Өнегелі өмір» тақырыбындағы ғылыми-танымдық конференция
11-03-2025 16:18
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың  туғанына 190 жыл толуына орайластырылған мектеп  оқушылары арасындағы «Өнегелі өмір» тақырыбындағы  ғылыми-танымдық конференция

      2025 жылдың 11 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Республикалық «Менің бауырым» және «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып  бейіндік жобалары  аясында   қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың  туғанына 190 жыл толуынаорай мектеп  оқушылары арасында «Өнегелі өмір» тақырыбындағылыми-танымдықконференциясыөтті.

Мақсаты: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеу, Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасын зерттеу, насихаттау, білім алушылардың мамандыққа деген  қызығушылығын арттыру.

Пленарлық отырыста Қарағанды  облысында білім  беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық даму бөлімінің әдіскері Ж.Б.Жумабаева,   Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Г.С.Уатаева, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінен тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.А.Бейсенбекова, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер туралы әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы М.Ж.Тусупбаева сөз алып, Ш.Уәлихановтың өмірі мен ғылым жолындағы еңбегі туралы деректер айтты. Сонымен қатар, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі студенттері А.Қанатқызы, Ж.Рахимова Ш.Уәлихановқа арнаған қазақ ақындарының  өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Конференция жұмысы екі бағыт бойынша жүргізілді:

1-бағыт: Шоқан Уәлиханов – энциклопедист-ғалым (қазақ мәдениетін әлемге танытқан, тарих, этнография саласында жүргізген зерттеулері, ғылымға қосқан үлесі туралы);

2-бағыт: Шоқан Уәлиханов – әдебиет зерттеушісі (халқымыздың әдеби асыл мұрасын зерттеудегі еңбегі жөнінде).

Конференцияға облыс мектептерінің 8-9 сынып оқушыларының35 жұмысы ұсынылды.

Барлық қатысушыларға электронды материалдар жинағы мен сертификаттар берілді.