2025 жылдың 12 наурызы күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инновациялық мектептердің директорлары мен директорлардың орынбасарлары үшін «Озық тәжірибе-жинақтау және тарату» тақырыбы бойынша «ӘДІСТЕМЕЛІК INTENSIVE» өткізілді.
«ӘДІСТЕМЕЛІК INTENSIVE» Балқаш қаласының төрт инновациялық мектебінің базасында өтті. Олар: «А. Ермеков атындағы мектеп-лицейі», «Абай атындағы №2 мектеп-лицей», «Ә. Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі», «С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы».
«ӘДІСТЕМЕЛІК INTENSIVE» мақсаты: Балқаш қаласындағы инновациялық мектептердің тәжірибесін жинақтау және тарату.
Тәжірибе алмасу келесі бағыттар бойынша өтті: «Бағалау критерийлері», «Lesson Study», «Біртұтас тәрбие», «Аккредитация» және «Balkhash Steam Serpini».
«А. Ермеков атындағы мектеп-лицейінің» КММ іс-шаралары үш блокты қамтыды:
Iблок: Пленарлық отырыс. IIблок: Жас патриоттар академиясы. IIIблок: Мектеп туры.
Пленарлық отырыста Е.А.Султанова, химия пәнінің мұғалімі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған жұмыс дәптерлері бар екі бағдарламаның әзірмелерін ұсынды.
Е.О. Ким, бастауыш сынып мұғалімі білім алушыларға арналған «Большая перемена» ойын аймағын көрсетті. Ол дүниетану, әдебиеттік оқу, математика, орыс тілі пәндері бойынша жобалармен жұмыс істеу тәжірибесімен таныстырды. Сонымен қатар, мұғалім демонстрациялық, үлестірмелі , ойын материалдарын, жадынамаларды ұсынды және «Мысли в подарок» сткерлері арқылы кері байланыс беру тәжірибесімен бөлісті.
«Абай атындағы №2 мектеп-лицей» КММ-де интенсивке қатысушылар Л.К. Байжуманова , К.А.Тлеукулова сабақтарында формативті бағалауды бақылады. Сонымен қатар, мектеп-лицейінің мұғалімдері Е.Т. Карибжанов, М.Ж. Сейткалиева, Н.А. Коккозова, Ш.Т. Жаксыгелдина «Сабақты зерттеу» бойынша шеберлік сыныптарды өткізді.
«Ә. Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі» «Біздің мектеп-лицей парламенті әрекетте...» тақырыбы және төрт шығармашылық топ педагогтарының зерттеу нәтижелері бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ , Г.М. Жуманова, А.Т. Сартаева, П. Бақытқызы ашық сабақтар өткізіді. Сабақтарда басты назарда критерийлер бойынша бағалау болды.
«Fashion Studio» және «Бұрымды қыздар» фестиваль -шеруіне қатысушылар ерекше қызығушылық танытты. Онда әртүрлі жастағы мектеп қыздары киім дизайнында өэдерінің шығармашылық қабілеттері мен креативтілігін көрсетті.
«С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында» «Шабыт» жобасы аясында әлеуетті ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу тәжірибесі ұсынылды. «АТАДАН -ӨСИЕТ, АНАДАН -ҚАСИЕТ» дөңгелек үстел барысында Н.Ш. Кашкынбаева. бастауыш сыныптарда ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу мақсатында ата-аналармен жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді. А.А. Әділбекова, Г. Б. Шарипова және А. С. Ахметжанова «Критериалды бағалау және оқушылардың білім деңгейін анықтау тиімділігі» мастер-класта білім алушылардың білім деңгейін анықтауда тиімді тәсілдерімен және критериалды бағалауды пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Өткізілген іс-шара Балқаш қаласының тарихи-өлкетану мұражайына барумен аяқталды.
Кері байланыста «ӘДІСТЕМЕЛІК INTENSIVE» қатысушылары озық тәжірибесімен алмасу мақсатында өткізілген іс- шараның практикалық бағыттылығы мен тиімділігін атап өтті.





umc-ro@umckrg.gov.kz









