Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» заңдарын, 2011-2020 жылдарға арналған «Мемлекеттік тілді дамыту» бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, өскелең ұрпаққа қазақ тарихын ұлықтау, сөз өнерінің қасиетін насихаттау, келешек ұрпаққа жеткізу, ұлттық рухтың, тектіліктің, биік парасаттың қалыптасуына ықпал жасау мақсатында 2016 жылдың 26 сәуірінде Ж. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінде, облыс колледждері студенттерінің арасында, «Мәңгілік ел» бағдарламасының шеңберінде «Тарихы терең халықпыз» атты сахналық көріністер байқауы өткізілді. Байқауда колледж студенттері қазақ хандығының тарихы туралы ақын-жазушылардың шығармаларынан және би-шешендердің сөздерінен көрініс қойды. Конкурсқа облыстың 19 колледжінен 179 студент қатысты.
С.Сейфуллин театрының әртісі – Ахметкалиева Асылзада, тілдер орталығының бас маманы – Жаканова Жупар,. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқытушысы, қазақ тілі кафедрасының доценті – Калиев Бектурсын, Қарағанды гуманитарлық колледжінің оқытушысы, ОӘБ жетекшісі Сыздыкова Рысты– қазылар алқасының құрамында төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей ретпен берілді:
1 орын – А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы- техникалық колледжі.
2 орын – Қарағанды маңызды білім беретін «Болашак» колледжі.
3 орын – Қарағанды политехникалық колледжі.
3 место – Шет тілдер колледжі