Размер шрифта:
Жаратылыстану-математикалық цикл сабақтарында білім беру тиімділігін арттыру жағдайы ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тақырыбында Осакаровка кентіндегі №1 ОМ-де семинар ұйымдастырып өткізді.
27-04-2016 10:47
Жаратылыстану-математикалық цикл сабақтарында білім беру тиімділігін арттыру жағдайы ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тақырыбында Осакаровка кентіндегі  №1 ОМ-де семинар ұйымдастырып өткізді.

    2016 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы оқу кеңістігін дамыту мақсатында «Жаратылыстану-математикалық цикл сабақтарында білім беру тиімділігін арттыру жағдайы ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»  тақырыбында Осакаровка кентіндегі  №1 ОМ-де семинар ұйымдастырып өткізді.

    Семинарға жаратылыстану-математикалық бағыттағы Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларынан және Нұра ауданынан 50-ден астам пән мұғалімдері қатысты.Осакаров ауданының ұстаздары: Миземхан Х., Гульнова О.В. – № 2 ОМ математика, Бажбанова В.Г. № 10 ОМ, Муханбетжанова К.Р. –№26 ОМ география, Ковалева О.В.- №17 ОМ, Тохан Б.- № 21 ОМ физика, Өзбекқызы Ж., Пляц М.В. – биология №21 ОМ, №26 ОМ, Костичану Т.Н .- химия №6 ОМ, Карташова С.И. №26 ОМ, Сетерхан А. -№1 ОМ информатика пәндерінен сабақ жүргізді. Шабанбаева Н.А., Раменская Н.А. (№26 ОМ), Жекебаева Ж.Ш., Шубина Л.С.- педагог–психолог №1 ОМ «Оқушылардың функционалдық сауаттылық үрдісіндегі пәнаралық байланыстың рөлі» атты шеберлік сабағы мен коучинг өткізді. Облыстық семинарға қатысушылар өткізілген іс-шараларға өздерінің оң бағасын берді.