Размер шрифта:
Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Құқық негіздері» пәні бойынша Үздік медиасабақ» облыстық конкурсы
19-03-2025 19:17
Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Құқық негіздері» пәні бойынша Үздік медиасабақ» облыстық конкурсы

      2025 жылғы 19 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖМ ұйымдастыруымен Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Құқық негіздері» пәні бойынша «Үздік медиасабақ» облыстық конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсатықұқықтық білім беру саласындағы педагогикалық қызметтің озық тәжірибелерін анықтау және тарату, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, олардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру және білім беру процесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу. Құндылыққа бағдарланған білім беруді оқу бағдарламасына кіріктіру.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна «Құқықтық сауаттылық - уақыт талабы» тақырыбында сөз сөйлеп, іс-шараны ашты.

«Қазіргі жағдайда цифрлық білім беру ортасындағы студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбымен «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖМ директорының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Гульсим Амантаевна Кнашина баяндама жасап,  негізгіцифрлық құқықтар, студенттердің цифрлық ортадағы жауапкершілігі, дербес деректерді ұрлау сияқты мәселелерді тілге тиек етті.

Конкурсқа облысколледждерінен 9 педагог қатысты. Қатысушылардың барлық жұмыстары тәуелсіз конкурстық комиссиямен критериалды бағаланды. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталды:

1 орын - Даметкен Муратовна Бозтаева, «Қазіргі заманғы көпсалалы колледжі» ЖМ арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Малика Орынбасаровна Орынбасарова,«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК  арнайы пәндер оқытушысы;

 3 орын - Елдос Ерғазыұлы Айтман, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжіні» КМҚК әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы.

Қатысушыларсертификаттармен, жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.