«CPFED Uzdik IT Ustaz» информатика педагогтеріне арналған турнирдің 3-ші кезеңінің қорытындысы
08-04-2025 19:39
«CPFED Uzdik IT Ustaz» информатика педагогтеріне арналған турнирдің 3-ші кезеңінің қорытындысы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Спорттық бағдарламалау Федерациясымен» бірлесіп «Информатика» пәні педагогтеріне арналған турнир өтті. Турнирдің мақсаты – педагогтердің  информатика пәні бойынша олимпиадалық  тапсырмаларға деген білімін тереңдету. Турнир облысымызда екінші рет өткізілуде.

Туринрдің негізігі кезеңіне 28 педагог қатысты. Келесі жеңімпаздар Республикалық деңгейде облысымыздың намысын қорғайтын болады:

  • 1- орын: Осакаров ауданы, «Қ.Сәтпаев атындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Байгабулов Мерген.
  • 2 - орын: БұқарЖырау ауданы, «Токарев ЖББМ (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Арцыбашев Андрей.
  • 2 - орын: Осакаров ауданы, «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Федоров Юрий.
  • 3 – орын: Нұра ауданы, «М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі Азаматұлы Жасұлан.
  • 3 – орын: Балқаш қаласы, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі Маратова Жансая.
  • 3 – орын: Қарағанды қаласы, «№3 гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі Әділхан Гүлзира.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!