2016 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Шексіз білім» жобасының I кезеңін жүзеге асыру барысында «Тұрақты тоқ заңдары» тақырыбы бойынша ҰБТ үлгілік тапсырмаларын шешудегі 11 сынып оқушыларының жалпы оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған облыстық онлайн сабақ өткізілді.Онлайн сабақты Шахтинск қаласының №1 гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Калимуллина Нурия Нурихановна өткізді. Онлайн режимде сабаққа Қарағанды облысы бойынша 14 білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Сабақтың мақсаты: сабақты қайталау және қорытынды жасау, әр түрлі типтегі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың деңгейін тексеру, сөйлеу және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қорытынды жасап, өзін-өзі дамытуға қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар сандық және сапалық тапсырмалар орындап, сабақ соңында тест жұмысын жазды. Сабақтың әр бөлімінде рефлексия жасалынып отырды.