ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
17-04-2025 12:05
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

      17 сәуірде жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Қарағанды облысы білім басқармасының «№9 арнайы мектеп-интернаты»КММ базасында семинар-практикум өткізілді.

      Ашық сабақтар мен логопедиялық сабақтардың форматы мұғалімдерге түзету-дамыту жұмысының тиімді әдістері мен тәсілдерін іс жүзінде көруге тамаша мүмкіндік болды. Сондай-ақ, кәсіптік-еңбек оқыту бойынша (жасыл зертхана, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, тігін, слесарь, ағаш ұстасы және сылақ-сырлау істері) шеберлік сыныптарыүлкен қызығушылық тудырды, онда оқушылар құралдармен және материалдармен жұмыс істеубойынша өздерінің практикалық дағдыларын көрсетті.

      Семинар келесі оқу жылында жалғасатын инклюзивті және арнайы білім беру педагогтерінің нәтижелі қарым-қатынасы мен өзара іс-әрекеті үшін маңызды алаңға айналды.