«Атадан - өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында «Даналық мектебі» жобасының «Мейірім» аналар клубының шеберлік сағаты
16-04-2025 12:13
«Атадан - өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында «Даналық мектебі» жобасының «Мейірім» аналар клубының шеберлік сағаты

        2025 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысының тәрбие ісі орынбасары мен «Даналық мектебі» жобасына жауапты жетекшілеріне «Мейірім» аналар клубының «Атадан - өсиет, анадан – қасиет» атты шеберлік сағатын өткізді.

         Аталмыш іс-шара аналардың бала тәрбиелеудегі маңыздылығымен жауапкершілігін арттыра отырып, балалардың бойына мейірімділік, еңбекқорлық, кішіпейілділік, қамқорлық, ізеттілік, адалдық тәрізді қасиеттерді аналар арқылы дарыту мақсатында өткізілді. Шеберлік сағатына білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Даналық мектебі» жобасының жетекшілері қатысты. Мұнда қатысушылар бала тәрбиесіндегі ананың бағыт бағдар көрсетуі маңызды екенін атап өтіп, қазіргі заманда жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық салт – дәстүрдің де оң нәтиже беретінін атап өтті. «Шеше көрген тон пішер» дегендей шеберлік сағатында «Даналық мектебі» жобасының жетекшілері қазақтың ұлттық қолөнер бұйымын жасау тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар заманауи технологияның көмегімен киімге ұлттық нақышты ою жапсыру тәрізді әдіс-тәсілдерді көрсетті. «Отбасындағы қыз баланың тәрбиесі» шеберлік сағатында қыз баланың тәрбиесі жайында тағылымды ойлар айтылды.