Размер шрифта:
«Сырлау сәндік жұмыстары» құзыретілігі бойынша даму мүмкіндіктері шектеулі, ерекше білім беруді қажет ететін мүгедектігі бар жандар арасында «Abilympics» аймақтық кәсіби шеберлік облыстық байқауы
18-04-2025 12:15
«Сырлау сәндік жұмыстары» құзыретілігі бойынша даму  мүмкіндіктері шектеулі, ерекше білім беруді  қажет ететін мүгедектігі бар жандар арасында «Abilympics» аймақтық кәсіби шеберлік облыстық байқауы

      2025 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КМҚК базасында «Сырлау сәндік жұмыстары» құзыретілігі бойынша даму  мүмкіндіктері шектеулі, ерекше білім беруді  қажет ететін мүгедектігі бар жандар арасында «Abilympics» аймақтық кәсіби шеберлік облыстық байқауы өтті.

         Байқауға «Арнайы білім беру мектеп қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ, «№6 арнайы мектеп –интернаты» КММ және Шахтинск қаласы «№7 арнайы мектеп – интернаты» КММ тәрбиеленушілері қатысты. Бұл байқау қатысушылар үшін өз қабілеттері мен дағдыларын көрсетуге ғана емес, сонымен қатар кәсіби тұрғыдан қалыптасуға үлкен қадам болды.

         Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды